Жарияланды: 350

Қазақстан РФ-на 1,2 млн тонна мұнай жеткізіп береді

Қазақстан РФ-на 1,2 млн тонна мұнай жеткізіп береді

2012 жылдың нәтижелері бойынша Қазақстан мұнай өнімдерінің өтемі ретінде РФ-на 1,2 млн тонна мұнай береді, деп хабарлады "Павлодар мұнай химия зауыты" АҚ өкілдігінің директоры Константин Дробышев.

"Қазір Қазақстанға әкелініп жатқан бүкіл ашық мұнай өнімдері мұнай мөлшерінде есептеледі және Ресей Федерациясының бюджетіне төлеу арқылы өтеледі. РФ есебіне қарағанда, қазіргі күнде Қазақстанға әкелінген мұнай өнімдері бойынша 2012 жылы РФ бюджеті экономикалық алым төленбегендіктен 500 млн доллар жоғалтты, формулаға салып есептесек, бұл 1,2 млн тонна шикі мұнайды құрайды. Мұны Қазақстан РФ-на өтеп беруге тиіс", деді ол Астанада бейсенбіде "Орталық Азиядағы мұнай өнімдерінің рыногы" деп аталатын халықаралық конференцияда сөйлеген кезінде. Қыркүйекте Ресей және Қазақстан мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін