Қазақстан Рогун су электр станциясын салу бойынша консорциумға қатысуға мүдделі - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Рогун су электр станциясын салу бойынша консорциумға қатысуға мүдделі - Назарбаев

Қазақстан Рогун су электр станциясын салу бойынша консорциумға қатысуға мүдделі - Назарбаев

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Рогун су электр станциясын салу бойынша консорциумға қатысуға мүдделі. Бұл туралы кеше Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен болған келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Тәжікстанның гироэнергетикалық ресурстарына біз қызығушылық танытамыз. Егер Рогун су электр станциясы консорциумы жұмыс істейтін болса, онда Қазақстан оған акционер ретінде де, инвестор ретінде де қатысады», — деді Қазақстан Республикасының президенті.

Бұл ретте ол Тәжікстанның басқа да гидроэнергетикалық нысандары Қазақстанның қызығушылығын тудырып отырғанын атап өтті.

«Біз гидроэнергтикалық қуатты Тәжікстаннан сатып алу үшін Қырғызстан арқылы Қазақстанға электр желісін тартуға мүделлілік танытамыз», — деп түсіндірді Н. Назарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, өткен қыста қиын энергетикалық жағдайды басынан өткізген Тәжікстан жақын арада Рогун су электр станциясын салып бітіруді жоспарлап отыр. Бұл үшін қаражат пен Орта Азиядағы көршілерінің келісімі қажет. Алайда Тәжікстан әлі күнге дейін Өзбекстанның келісімін алған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті