«Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар филиалының директоры сотқа жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар филиалының директоры сотқа жүгінді

«Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар филиалының директоры сотқа жүгінді

«Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар филиалының директоры Бауыржан Айтқазин қол астындағы қызметкерінің «көңілдес болуға шақыр

  • 22 Қараша 2016
  • 703
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар филиалының директоры Бауыржан Айтқазин қол астындағы қызметкерінің «көңілдес болуға шақырды» деген шағымын өзіне жабылған жала екенін дәлелдеу үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

– Жақында бұл іске сот арқылы нүкте қойылады, — дейді Бауыржан Айтқазин. — Сол кезде мәселенің мән-жайын анықтап айтып беретін боламын. Ал, әзірге айтарым, бұл менің әріптестерімнің тарапынан жабылған жала. Сондықтан, ешқандай негізсіз тағылған айып екенін дәлелдеу үшін сотқа арыз түсірдім. Қазір іс қаралып жатыр. Ал, оған дейін мен бұл жайға қатысты пікір білдіре алмаймын. Сот шешімін күткендеріңіз дұрыс. Жалпы, бұған дейін БАҚ-ның жазып жатқандарының бәрі өтірік. Журналистер ешқандай дәлелсіз ақпарат берген. Негізі, ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның 21-бабы бойынша қандай бір мәселені жан-жақты зерттеп жазған дұрыс. Біреудің аузынан естіген өтірік-өсектің барлығын жаза беру дұрыс емес.


Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар филиалының журналисі Әйкерім Мұздыбаева мекеме директоры Бауыржан Айтқазин «маған сексуалдық тұрғыда қысым жасады» деп шағымданып, оны “Қазақстан” АҚ төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың facebook әлеуметтiк желiсiндегi парақшасына жариялаған болатын. Содан кейін-ақ, бұл даулы мәселе әлеуметтік желілер мен сайттар арқылы көпшілік арасында тарап кетті.