Сайрагүлдің қорғаушысы Абзал Құспанов көші-қон қызметінің мұндай шешім шығаратыны белгілі болғанын атап және ол шешіммен келіспейтінін мәлімдеді.
«Сайрагүл мемлекеттен кетірілмейді, оған жол бермейміз», – дейді қорғаушы. Құспановтың айтуынша, Қазақстанның шешіміне «Қытай мемлекетінің қысымы» себеп болды.
Қорғаушы Сайрагүлге саяси баспана беру туралы шешімді өзгерту үшін жергілікті сотқа арыз түсіретінін және БҰҰ-дан көмек сұрайтынын айтты.
Естеріңізге салсақ, Сайрагүл Сауытбай – Қытай еліндегі этникалық қазақ. Екі жыл бұрын оның күйеуі мен екі баласы Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алған. Сайрагүлдің өзі Қытайда мемлекеттік қызметкер болғандықтан азаматтығын ауыстырмауды жөн көрген. Ол Қытай Коммунистік партия мүшесі болып, этникалық қазақтарға арналған мемлекеттік «саяси лагерде» жұмыс істеген. Биылғы көктемде отбасымен қауышу үшін шекара асып кеткен, алайда мамыр айында ұсталған. Қытай мемлекеті тарабы оны қайтаруды сұрап отыр.
Тамыздың 1-де болған сотта оны Қытайға қайтармау туралы шешім қабылданып, алты ай жаза мерзімі берілген.
Сайрагүлдің куәгерлігі – Қытайда мұсылмандарға арналған «саяси лагердің» бар екеніне сирек дәлел. Әртүрлі деректерге сай, ол лагерлерде Қытайдағы Ұйғыр автономды ауданындағы Синьцзяндық екі миллионнан астам адам – этникалық қазақтар мен ұйғырлар болуы мүмкін.
Ақпарат көзі: Stan.kz