Екі жақтың пікірінше осындай сауда-саттық Сауд Арабиясы үшін өте тиімді болмақ, себебі ол көптеген араб елдерінің сұранысын қанағаттандырады.
Сауд Арабиялық губернатор өз кезегінде Шығыс провинциясы мен Қазақстан бойынша жоғары сапалы астық өсіретін аймақтардың бірі болып табылатын Ақмола облысының арасында тура байланыс орнату ниетін жеткізді.
ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, келіссөз барысында 2007 жылдың қаңтарында Ақмола облысы өкілдерінің Даммам айлағына сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластық жасалды.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда 2006-2007 жылдары жалпы 18 млн. тонна астық жиналса, экспорт 7-8 млн. тоннаны құрауы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті