Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін 15-ші рет атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін 15-ші рет атап өтуде

Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін 15-ші рет атап өтуде

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шараларға қатысушыларға үндеу жасады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда, 1997 жыл­дан бері, жыл сайын менің Жарлығыммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Этностық және діни тегі бөлек мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түр­мелерінде жазықсыз көз жұмды. Біз үшін, азат, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз», — делінген сейсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында жарияланған мемлекет басшысының үндеуінде.

Сонымен қатар, үндеуде тәуелсіздік жылдары 146,5 мың кінәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шыққаны, Заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған 340 мыңнан астам азамат заңға сәйкес ақталғаны айтылған. Тоталитаризм құрбандары жерленген жерлерде ондаған ескерткіш белгілер орнатылды.

«Бұрынғы ГУЛАГ лагерьлерінің орындарында мемориалдық кешендер құрылды. Бүгін солардың қатары аты қайғылы Қарлаг орнынан ашылып отырған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен толықты», — делінген мемлекет басшысының үндеуінде.

«Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді», — деп хабарлайды Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар