Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Көкпақ» күзітінің шекарашылары Өзбекстаннан Қазақстанға бет алып, шекара бақылау пунктін айналып өтпек боған «ГАЗ-53» жүк көлігін ұстады. Жүк көлігіне 4 тонна қара металл тиелген.
Осы тектес жүк көршілес «Ынтымақ» күзетінің аумағында құрықталып, тәркіленді. «Бұл жолы шекара қызметкерлері 6 тонна контрабандалық қара металл артқан «КамАЗ» жүк көлігін ұстады»,- деп хабарлады Шекара қызметінен.
Тағы 4 тонна қара металл контрабандасының жолын «Атакент» күзетінің шекарашылары кескен. Аталмыш дерек бойынша металл тиелген «ЗиЛ-130» жүк көлігімен өткізу пунктін айналып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті