Қазақстан азаматшасы Ресейден екі жарым килограмм зергерлік бұйымдарын елге әкелмек болған. Әйелді Новосибирск-Алматы бағытындағы поезда Өскемен шекара отрядының шекарашылары «Ауыл железнодорожный» өткізу бекетінде құрықтады. Бір тәулік өткеннен кейін осы поезда тығылғын 30 құндыз тон табылды. Аталған дерек бойынша шекарашылар поездің екі жолсерігі — Ресейлік екі әйелді құрықтады.
Өткен апта бойынша, 4-10 желтоқсан аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызыметінің әскери қызметкерлері 46 контрабандалық жолмен жүктер тасу фактісінің жолын кесіп, 251 мемлекеттік шекара мен шекаралық тәртіп бұзушыларды құрықтады.