Қазақстан шекарашылары көне бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шекарашылары көне бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді

Қазақстан шекарашылары көне бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары 28 қазанда көне құнды бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе шекара отрядының «Жайсан» шекаралық бақылау тобының шекарашылары Ташкент — Мәскеу бағытындағы пойыздың жолсерігі болып істейтін Өзбекстан азаматын ұстады.

«Одан контрабандалық жүк: алты медаль, 1800 — 1961 жылдар аралығындағы 133 монета мен алты көне икона секілді антиквариаттық бұйымдар алынды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, 29 қазанда Қостанай шекара отрядының «Тобыл т.ж.» шекаралық бақылау тобының шекарашылары Астана — Киев бағытындағы пойзда декларацияда көрсетілмеген 8 мың АҚШ долларымен Қазақстан азаматын ұстады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар