Қазақстан шекарасында біртұтас бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шекарасында біртұтас бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істейтін болады

Қазақстан шекарасында біртұтас бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істейтін болады

Республикалық бақылаушы мекемелер шекаралық және кедендік тексерістер мерзімін қысқарту, жұмыс сапасын жақсарту мақсатымен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында біртұтас бақылау жүйесін құрды. Бұл туралы бүгін, 3-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР кедендік бақылау Агенттігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев журналистерге мәлімдеді.

  • 3 Қазан 2003
  • 661
Фото - Caravan.kz

Оның түсініктемесіне жүгінсек, көліктік бақылау, мал дәрігерлік қызмет, фитосанитарлық, тазалық-індет, шекаралық және кедендік қызметтер қажетті шекаралық процедураларды бұдан былай бір жерде, «жалғыз аялдама» принципі бойынша «аса қысқа мерзімде» жүзеге асыратын болады.

Б.Сапарбаевтың айтуынша, жүк және жолаушы айналымы, сауда әлеуеті тәрізді басқа да техникалық сипаттамалары ескеріле отырып бірінші кезекте салынуға және жайластырылып-жабдықталуға тиіс бақылау бекеттерінің тізімі жасалды. Қазір мекеме басшыларының бірлескен шешімі бойынша Қазақстан мемлекеттік шекарасындағы барлық бақылаушы мекемелер біртұтас бақылау-өткізу бекеттерінің мекен-жайы салынғанға дейін кеден мекемесінің ғимаратына орналасты.
ҚР кедендік бақылау Агенттігінің мәліметіне сәйкес, еліміздің мемлекеттік шекарасын жалпы бойлай бақылаушы органдардың барлығы 176 бекеті орналасқан, олардың арасында шекаралық қызметтің 42, көлік бақылауына қарасты — 38, мал дәрігерлік-фитосанитарлық қызметтің — 61, санитарлық-карантиндік -35, кеден қызметінің- 96 өткізу бекеті жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар