Қазақстан шетелде өндірілген құс етін өткізуге уақытша тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шетелде өндірілген құс етін өткізуге уақытша тыйым салды

Қазақстан шетелде өндірілген құс етін өткізуге уақытша тыйым салды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының аумағында

  • 21 Шiлде 2015
  • 890
Фото - Caravan.kz

жосықсыз өндірушілер өндіретін құс етін өткізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. Мұндай шешім санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша мынадай өндірушілерден патогенді микрофлоралардың (Salmonella) анықталуы бойынша қабылданды:

— «Мясоптицекомбинат «Благодарненский» ААҚ-ы өндіретін «Благояр» балапан еті (Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі, Благодар қаласы);

— «Мироновская птицефабрика» ЖАҚ өндіретін бройлер балапан ұшасы (Украина, Черкасск облысы, Канев ауданы, Степанцы селосы);

— «Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ өндіретін бройлер балапан және бройлер балапанның төс еті (Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Нагайбак ауданы);


— «Юбилейное» ЖШҚ өндіретін «Хорошее дело» бройлер балапан ұшасы (Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Чамзин ауданы, Чамзинка кенті). Тиісті хабарлама Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің уәкілетті органдарына жіберілді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының бөлшек сауда желісін Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ескертеді және тұтынушыларды Комитеттің департаменттерін бөлшек сауда желілерінде аталған өндірушілердің өнімдерін өткізу фактілері туралы белсенді түрде хабардар етуге шақырады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды, — деп хабарлайды 
http://24.kz/.