Қазақстан шетелдік мұнай компанияларымен жасасқан келісім-шарттарын бір жақты бұзбайды - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шетелдік мұнай компанияларымен жасасқан келісім-шарттарын бір жақты бұзбайды - президент

Қазақстан шетелдік мұнай компанияларымен жасасқан келісім-шарттарын бір жақты бұзбайды - президент

"Қазақстан өзіне жүктеп алған міндеттемелерінен бұлтармайды және бұған дейін шетелдік мұнай компанияларымен жасасқан келісім-шарттарын бір жақты бұзбайды". Бүгін, 21-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың жетекшілерімен Астанадағы кездесуінде осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2005
  • 750
Фото - Caravan.kz



«Сонымен бірге біз шетелдік әріптестерімізден келісімдегі шарттарға қатаң бағынады , соның ішінде әлеуметтік және экологиялық бағдарламаларды бұлжытпай орындайды деп үміттенеміз»,- деді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, «өзара өнім бөлісу туралы жаңа келісімдерге қол қоюда бұдан былай Қазақстан өз мүддесін жоғарғы деңгейде ескеру тұрғысында қатаң талап қоятын болады».
Н.Назарбаев ел экономикасының отын-энергетикалық секторын дамыту саласындағы жетістіктерді атап өтті. «Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасын біртіндеп жүзеге асыру бізге 2015-жылы мұнай өндіру көлемін жылдық 150 млн. тоннаға жетуізуге мүмкіндік беру арқылы елімізді мұнай өндіруші алпауыт елдердің ондығына енуге мүмкіндік беруге тиіс»,- деді ол.
Президент «көмірсутегі шикізатын әлемдік нарыққа тасымалдау мәселесі табысты шешімін табуда», деп атап өтті. «Каспий құбыр консорциумының өткізгіштік қабілетін жылына 67 млн. тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ, Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын пайдалануға атсалыстыру жөнінде уағдаластықтар жасалып, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысы аяқталып келеді»,- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының пікірінше, осы және басқа да жобаларды жүзеге асыру «экспорттық мұнай құбырларының бағыттарын түрлендіру проблемасын шешуге мүмкіндік беріп, еліміздегі инвестициялық ахуалды анағұрлым жақсартады».

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта