Қазақстан Шри-Ланкаға бидай экспорттай алады - ҚР Премьер-Министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Шри-Ланкаға бидай экспорттай алады - ҚР Премьер-Министрі

Қазақстан Шри-Ланкаға бидай экспорттай алады - ҚР Премьер-Министрі

Қазақстан Шри-Ланкаға бидай экспорттай алады. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Rixos» қонақ үйінде өтіп жатқан Қазақстан-Шри-Ланка бизнес форумы барысында сөз сөйлеген ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

  • 21 Қараша 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан әлемнің ірі бидай экспорттаушы елдерінің ондығына кіреді. Сонымен қатар, біздің еліміз бүгінгі таңда әлемнің 70-тен астам мемлекетіне астық жеткізіп отыр. Ал алдағы маркетингтік жылы біз шамамен 12 млн. тоннаға дейін астық экспортын жоспарлаған болатынбыз. Бұл ретте айта кетерлігі, біз Шри-Ланкаға астық экспорты бойынша мүмкіндіктерді қарауға дайынбыз», — деді форум барысында сөз сөйлеген Серік Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы бизнес-форум Шри-Ланка Социалистік Демократиялық Республикасының Президенті Махинда Раджапаксаның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтуде.