Қазақстан Шри-Ланкаға бидай экспорттай алады - ҚР Премьер-Министрі

«Қазақстан әлемнің ірі бидай экспорттаушы елдерінің ондығына кіреді. Сонымен қатар, біздің еліміз бүгінгі таңда әлемнің 70-тен астам мемлекетіне астық жеткізіп отыр. Ал алдағы маркетингтік жылы біз шамамен 12 млн. тоннаға дейін астық экспортын жоспарлаған болатынбыз. Бұл ретте айта кетерлігі, біз Шри-Ланкаға астық экспорты бойынша мүмкіндіктерді қарауға дайынбыз», - деді форум барысында сөз сөйлеген Серік Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы бизнес-форум Шри-Ланка Социалистік Демократиялық Республикасының Президенті Махинда Раджапаксаның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтуде.