Сейсенбі күні Шри-Ланка басшысы Махинда Раджапакспен кездесуден кейінгі брифингте президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз Шри-Ланка социалистік демократиялық республикасы президентінің алғашқы сапарына ерекше мән беріп отырмыз (…). Біз бұл мүмкіндікті екі ел арасындағы ынтымақтастық пен саяси-экономикалық байланыстарды дамытудың бастауы деп білеміз», — деп мәлімдеді.
Қазақстан басшысы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына тура келіп отырғанын атап өтті.
«Осы уақыт аралығында біздің елдеріміз арасында өзара сенім мен түсіністік қалыптасты.
Қазақстан Шри-Ланкада 30 жылға созылып, 100 мың адамның өмірін қиған ұлтаралық қақтығыстардың тоқтағанын қуана қабылдадық. Біздің қонағымыз осы қақтығыстарға нүкте қойып, елдің дамуына мүмкіндік берген адам», — деп атап өтті Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 5,2 млн $, 2011 жылы — 7,1 млн $, 2012 жылы 5,7 млн $ құраған.
Шри-Ланкадан Қазақстанға негізінен шай, ағаш пен өзге де өсімдік тектес материалдардан жасалған өнімдер экспортталады.