Қазақстан ШЫҰ әріптестеріне өтініш жасады
Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы серіктестерден ШЫҰ су және азық-түлік комитетін құру туралы бастаманы қолдауды сұрады. |
«ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесіның 2011 жылдың 15-маусымында Астанада өткен отырысында біздің елбасымыз ШЫҰ су және азық-түлік комитеттерін құруды ұсынған болатын. Біз тиісті құжаттар жобасын әзірлеп, тараптарға жөнелттік», - деп жұма күні ШЫҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің екінші кеңесінде Ауыл шаруашылық вице-министрі Марат Төлібаев хабарлады.
Ол кеңеске қатысушылардан «Қазақстанның ұсынысын қолдауды сұрады».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін