Қазақстан ШЫҰ Саммитін өткізуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ШЫҰ Саммитін өткізуге дайын

Қазақстан ШЫҰ Саммитін өткізуге дайын

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысын, Өңірлік терроризммен күресу жөніндегі атқарушы комитетінің төрағасы мен ұйымға мүше елдердің ұлттық үйлестірушілер тобымен кездесті.

  • 13 Маусым 2011
  • 370
Фото - Caravan.kz

Ұйымның Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев хабарлағандай, кездесу барысында Астана қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының екікүндік Саммитіне дайындық барысы пысықталып, ұлттық үйлестірушілер тобы тарапынан осы уақытқа дейін ұйым аясында атқарылған жұмыстарға баға берілді. «Жалпы, барлығы Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне оң баға беріп отыр. Еліміздің белсенділігі мен іскерлігі жайында ерекше айтылуда. Қазіргі кезде ұйым Саммитіне дайындық жұмыстары толығымен аяқталды деуге болады», — дейді М.Иманалиев.

ШЫҰ-ның бас хатшысы атап көрсеткендей, Саммит барысында ұйымға мүше елдердің басшылары аймақтық қауіпсіздікті нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылайды. Саммит барысында рәсімделетін құжаттардың ішінде ШЫҰ-ның Астана декларациясы, ұйымның есірткіге қарсы стратегиясы және тағы басқа маңызды құжаттар бар.

Соңғы жаңалықтар