«2010-2011 жылдардағы әлем чемпионаттарын және ірі спорттық жарыстардың қорытындыларын талдау қысқы спорт түрлерінен спортшылар мен командалардың әлеуеті артып отырғанын, әрбір алтын үлкен қиындықпен келетінін және одан үміткерлердің саны күннен күнге артып келе жатқанын көрсетті. Сондықтан да Сочиде өтетін Олимпиадада бәсеке бұрынғы ойындардан да өткір болады. Барлығы кемінде 40 лицензия алу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.