Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін Орталық Азиядағы шешуші серіктес болып қала береді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін Орталық Азиядағы шешуші серіктес болып қала береді

Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін Орталық Азиядағы шешуші серіктес болып қала береді

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін Орталық Азиядағы шешуші серіктес болып қала береді. Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньеро Астанада бүгін ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін Орталық Азиядағы шешуші серіктес болып сөзсіз қала береді. Бүгінде біз Қазақстанмен қарым-қатынаста расында да жоғары табысқа қол жеткіздік», — деді К. Бисоньеро.

«Мен Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы қарым-қатынастың оң қарқынмен және айтарлықтай серпінді нығайып келе жатқанын қанағаттана атап өткім келеді», -деді өз кезегінде Д. Ахметов. «Альянспен, Еуропа елдерімен және АҚШ-пен арадағы конструктивті ықпалдастықты кеңейту — Қазақстанның сыртқы саяси бағыт-бағдарының басым бағыттарының бірі екенін айта кету керек», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар