2004-жылғы есепке сәйкес, Қазақстанға 100 балдық шкала бойынша 75 балл берілді. «Былтыр Қазақстанға 74 балл берілген. Демек, былтырдан бері сөз бостандығына қатысты елдегі ахуал нашарлай түскен»,- деді А.Станго.
Зерттеулер жүргізу үшін БАҚ саласында маманданған үкіметтік емес бірқатар ұйымдарды қамти отырып, қадағалаушы ұйымдардың ақпарат көздері қолданылды, деді ол. Сонымен қатар Freedom House заңнамаларға да талдау жүргізген.
«2005-жылдан бастап адам құқығы мен демократияға қатысты Қазақстандағы ахуалдың нашарлау нышандары байқалып отыр»,- деп мәлімдеді А.Станго.
Ал сөз бостандығы ең шектелген ел ретінде Түрікменстан танылды. Оған 95 балл тағайындалды. Бұрынғы Кеңестік республикалар арасынан Эстония мен Латвия сөз бостандығы жоғары деңгейде дамыған елдер санатына енеді. Олардың екеуіне де 17 балдан тиді. Бар болғаны 8 балл жинаған Швеция дүниежүзіндегі ең еркін ел болып табылады.