Қазақстан спортшылары Лондондағы олимпиадаға тоғыз лицензия жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан спортшылары Лондондағы олимпиадаға тоғыз лицензия жеңіп алды

Қазақстан спортшылары Лондондағы олимпиадаға тоғыз лицензия жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Ыстамбұлда күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тоғыз лицензия жеңіп алды, деп Астананың Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2011
  • 626
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Қазақстанның грек-рим күресінен құрама командасы чемпионаттың күміс жүлдегері астаналық Алмат Кебісбаевтың, қола жүлдегер Нұрмахан Тынәлиевтің және әлемдік біріншілікте бесінші орын алған Асхат Ділмұхаметовтың арқасында Лондонға үш лицензия жеңіп алды.

“Қазақстанның классикалық күрестен жалпы 23 ұпайға ие болған құрамасы Ресей, Түркия, Иран, Беларусь елдерімен бірге үздік елдер “бестігіне” кірді.
Әйелдер күресі бойынша ұлттық құрама команда екі олимпиадалық лицензияға ие болды. Қола медаль астаналық сплортшы Жұлдыз Эшимова-Түртбаеваға және бесінші орын Гүзел Манюроваға бұйырды. Жалпы командалық есепте әйелдер күресі бойынша Қазақстан 11-ші орынға шықты. Көшбасшылар үштігіне Жапония, Канада, Монғолия елдері кірді.
Сонымен қатар, еркін күрестен Лондонға төрт жолдама бар.
Әлем чемпионатының жүлдегерлері Дәулет Ниязбеков пен Дәулет Жұмағазиев. Әлемнің үздік күресшілері “алтылығына” Таймұраз Тигиев және Абдулхәкім Шапиев кірді. Жалпы командалық есепте еркін күрес бойынша құрама команда Әзербайжанмен төртінші орынды бөлісті, мұнда екі елдің әрқайсысында 29 ұпай. Көшбасшылар үштігінде Иран, Ресей, АҚШ елдері тұр.
Күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты Ыстамбұлда 11-18 қыркүйекте өтті. Жарысқа әлемнің 104 елінен 900-ден астам спортшы қатысты.
XXX жазғы Олимпиада ойындары Лондонда 2012 жылғы 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера