Қазақстан студенттері альянсының атыраулық филиалы ЖОО-да оқитындардың жол ақысын 50 пайызға төмендетуге қол жеткізді
Қазақстан студенттері альянсының атыраулық филиалы қаладағы жоғары оқу орындарында білім алатындар үшін қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын 50 пайызға төмендетуге қол жеткізді. |
Бұл жайында аталған жастар ұйымының оныншы слетінде оның вице-көшбасшысы Шыңғыс Бескемпіров айтты.
«Ол үшін 47 млн. теңге бөлінді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды басқа өңірлерде де жалғастырмақпыз»,-деді ол.
Сонымен қатар Шыңғыс Бескемпіров ұйымның өңірлік көшбасшыларына жеңілдікті жол жүру ақысымен қатар, жатақханалардың құрылысы бойынша мәселелерді шешу шараларын ескеруді талап етті.
Слетке 150-ге жуық мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының белсенді студенттері жиналды. Бүгін осы жиын барысында өңірлік көшбасшылар өтіп бара жатқан жылда атқарылған жұмыстары жайныда есеп беріп, баяндамаларын жасады. Бұған қоса, олар 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын талқылап, Ұлттық студенттік кеңестің мәселесі, сондай-ақ студенттердің өзекті проблемалары аясында сөз қозғады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін