Қазақстан су қоймаларында 7 адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан су қоймаларында 7 адам суға батып кетті

Қазақстан су қоймаларында 7 адам суға батып кетті

Соңғы күндері еліміздің су қоймаларында 7 адам суға батып кетті, олардың арасында бір бала бар деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметі.

  • 1 Шiлде 2003
  • 660
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Ақтауда, «Қаракөл» су жинау каналында суда жүзіп жүрген үш адам иірімге тартылып кетті. Суға батқан 19 жасар қыздың мәйіті табылып, қалған екі жігіттің мәйіті іздестіру үстінде.

Алматы облысының Боралдай ауылында 45 жастағы ер адам көл суына батып кетті. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар тауып алды. Ақтөбеде Елек өзенінде суда жүзіп жүрген 9 жасар ұл суға кетті. Баланың мәйітін судан құтқару қызметінің адамдары тауып судан шығарып алды.
Тағы да осындай екі оқыс оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болды. Малосергееевка ауылында 38 жастағы ер адам қазаншұңқырға суға батып кетті. Ал Большая Малышка ауылында 26 жастағы ер жігіт Долгое өзеніне суға кетті. Тосын оқиға құрбандарының мәйіті құтқарушылардың күшімен судан шығарып алынды.

Соңғы жаңалықтар