Қазақстан сыртқы істер министрі табиғаттың оқыс мінезінен зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне көңіл айтып жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сыртқы істер министрі табиғаттың оқыс мінезінен зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия  елдерінің сыртқы істер министрлеріне көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан сыртқы істер министрі табиғаттың оқыс мінезінен зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев табиғат апатынан зардап шегіп, сан мыңдаған азаматтары қаза болған Таиланд, Шри-Ланка, Индонезия , Үндістан және Малайзияның сыртқы саясат ведомстволарының басшыларына көңіл айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 30 Желтоқсан 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Сыртқы саясат ведомствосы басшысының жолдауында: «Көптеген адамдардың өмірін қиған жойқын табиғат апаты туралы хабарды терең қайғымен, үлкен алаңдаушылықпен қабылдадым. Бұл қасірет құрбандарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Мен жақындарынан айрылып қан жұтқандармен рухани біргемін. Сіздің ел үкіметіне шынайы қолдау сезімімді білдіремін , ал ел халқының қайғысына ортақтасамын «, — делінген жеделхат мәтінінде.

Перейти к новостям спорта