Қазақстан сыртқы істер ведомствосы басшысы ЕҚЫҰ квинтеті сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сыртқы істер ведомствосы басшысы ЕҚЫҰ квинтеті сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысты

Қазақстан сыртқы істер ведомствосы басшысы ЕҚЫҰ квинтеті сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысты

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Нью-Йоркте кеше еліміздің сыртқы істер министрі Марат Тәжин басқарған Қазақстан Республикасы делегациясы қатысуымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 63 ші сессиясы өз жұмысын бастады.

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

Сессия күн тәртібіндегі басты мәселелер кедейшілік пен ашаршылықты жою және БҰҰ демократияландыру болмақ. Сонымен қатар, климат өзгерісі, тамақ және энергетикалық дағдарыс, терроризм, адам құқығы, қарусыздану және ядролық қаруға бақылау қою, әйелдер мен балалар құқығы және мәдени саналуандықты сақтау сынды мәселелерге айрықша мән берілмек.

Сапар барысында Қазақстан сыртқы істер ведомствосы басшысы ЕҚЫҰ квинтеті сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысты.

Дипломаттар ЕҚЫҰ жұмыстарының нақтырақ айтқанда, Ұйым күнтәртібіндегі өзекті мәселелерді шешудің бірыңғай жолдарын анықтау және төрағалық етуді жалғастырудың болашақтағы бағыттарының жалғастыру сынды мәселелерін қарастырды.

Мининстрлер ЕҚЫҰ ның Кавказдағы әскери әрекеттерді тоқтатуда белсенді атсалысқанын айтып, ұйымның бітімгершілік жолындағы маңызды роліне айрықша мән берді.

Кездесу барысында қараша айында Финляндия астанасында жоспарланған жыл сайынғы министрлер кездесуі мәселелері жайында пікір алмасылды.

Сол күні М. Тәжин испандық әріптесі Мигель Моратиноспен және Литвалық әріптесі Петрас Вайтекунаспен екіжақты кездесулер өткізді

М. Моратиноспен кездесу барысында Елбасы Н. Назарбаевтың былтырғы Испанияға сапары барысында қол жеткен келісімдердің жүзеге асуы талқыланды.Сонымен қатар тараптар испания премьер-министрі Хосе Сапатероның қазақстанға ресми сапарын өте маңызды деп таныды.

СІМ басшысы әріптестерін Еуропалық одақтағы құқықтық-институционалдық реформалар тәжірибелерін қолдана отырып, Қазақстан қауымдастығын жедел модернизациялауға бағытталған мемлекеттік «Еуропаға жол» бағдарламасының жүзеге асырыла бастағанынан хабардар етті.

М. Тәжин Қазақстан 2007 жылы қабылданған Еуроодақтың Орталық Азия елдерімен жаңа серіктестік Стратегиясына жауап ретінде кең ауқымды бағдарлама қабылдаған бірден-бір ел екендігіне тоқталып өтті.

Сонымен қатар Қазақстан дипломаты әріптестерін қазан айында астана қаласында өтетін «Ортақ әлем- әртүрлілік арқылы алға жылжу» атты мұсылман және батыс елдері министрлері конференцисына қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар