Қазақстан сыртқы қысымға төтеп беріп, демократиялық сара жолын тапты - Хорватияның экс-президенті С. Месич
![]() |
Қазақстан сыртқы қысымға төтеп беріп, демократиялық сара жолын тапты. |
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумында Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич айтты.
«Кеңес одағы күйрегеннен кейінгі күндері Қазақстан халықаралық аренада өзінің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен белгісіз фактор ретінде пайда болды. Кремльді зерттеушілер оны кеңестік республикалардың бірі ретінде білсе, ал Нұрсұлтан Назарбаев кеңестік дәуірдің көрнекті қайраткерлерінің бірі ретінде танымал болды. Осы фактілердің ешбірі де жаңа, тәуелсіз Қазақстанның қандай жолды таңдайтындығы туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік бермеді. Олар әрине, Қазақстан драматикалық геосаяси және геостратегиялық өзгерістерге ұшырайтын әлемде әрекет етеді деп болжай білді»,- деді С.Месич.
Оның атап өтуінше, Қазақстан және оның Президенті өз жолын таңдап, оны қалай өтуді білді, халықаралық аренада өз орнын іздестірді және оған қол жеткізе алды. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ күрделі экономикалық және қаржылық жағдайдан шыға білетінін көрсетті.
«Мен үшін Қазақстанның іздегенін тауып, сырттан келетін қысымға төтеп беріп, демократияға деген өзінің сара жолына ешбір қиындықсыз немесе кедергісіз келуі барынша маңызды болып табылады», - деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін