Жарияланды: 320

Қазақстан сыртқы саяси географиясын кеңейту үстінде

Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында әлемнің 145 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ҚР СІМ Баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, сондай-ақ, Қазақстан 58 мемлекетте 84 шетелдік мекемелерін ашты. СІМ қажетті көлемде кәсіби дипломаттарға ие. «Біздің елімізде 111 шет ел дипломаттары тіркелген, оның ішінде 64-і ҚР-да орналасқан, ал 47-сі қоса қызмет атқаруда. Сонымен қатар, 23 өңірлік және халықаралық ұйымдар аккредиттелген» - деді І. Омаров. Оның айтуынша, Қазақстан өзінің сыртқы саяси географиясын басқа да елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату арқылы кеңейтуде. Атап айтар болсақ, өткен аптада Нью-Йорктағы БҰҰ Штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдер деңгейінде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы Бутан Королдігімен, Палау Республикасымен, сондай-ақ Сент-Винсент және Гренадины Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Бірғаным Әйтімова қол қойды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін