Қазақстан сыртқы саяси географиясын кеңейту үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сыртқы саяси географиясын кеңейту үстінде

Қазақстан сыртқы саяси географиясын кеңейту үстінде

Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында әлемнің 145 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.

  • 26 Қараша 2012
  • 310
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ҚР СІМ Баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, сондай-ақ, Қазақстан 58 мемлекетте 84 шетелдік мекемелерін ашты. СІМ қажетті көлемде кәсіби дипломаттарға ие.

«Біздің елімізде 111 шет ел дипломаттары тіркелген, оның ішінде 64-і ҚР-да орналасқан, ал 47-сі қоса қызмет атқаруда. Сонымен қатар, 23 өңірлік және халықаралық ұйымдар аккредиттелген» — деді І. Омаров.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің сыртқы саяси географиясын басқа да елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату арқылы кеңейтуде.

Атап айтар болсақ, өткен аптада Нью-Йорктағы БҰҰ Штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдер деңгейінде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы Бутан Королдігімен, Палау Республикасымен, сондай-ақ Сент-Винсент және Гренадины Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Бірғаным Әйтімова қол қойды.