Қазақстан тағы 28 елмен қылмыскерлерді беру туралы келісім бекітпек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тағы 28 елмен қылмыскерлерді беру туралы келісім бекітпек

Қазақстан тағы 28 елмен қылмыскерлерді беру туралы келісім бекітпек

 Қазақстан қылмыскерлерді беру және олардың жазасын өз отанында өтеуі жөніндегі халықаралық келісімдер бекітіп жатыр.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 473
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов хабарлады.
«Қазір біз 28 елмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде тағы 41 келісім бекітуіміз керек. Олардың арасында Ұлыбритания, Австрия, Германия, Корея, БАӘ және т.б. елдер бар», — деді Ж.Асанов сенаттың бейсенбідегі жалпы отырысында.
Айтуынша, әр ел қылмыстық сот өндірісі саласында үш түрлі келісім бекітуге мүдделі. Олар: өзара құқықтық көмек, қылмыс жасаған адамдарды беру және сотталған қылмыскердің жазасын өз елінде өтеуі туралы келісімдер.
Ж.Асановтың сөзіне сүйенсек, соңғы төрт жылда Бас прокуратураның бастамасымен осындай 19 келісім бекітілген.
«Осыдан үш жыл бұрын мемлекет басшысының тікелей ықпалымен (…) Испания, Италия, Монако, Чехия, Венгрия, Румыния, Болгариямен осындай келісім бекіттік», — деп қосты Ж.Асанов.

Соңғы жаңалықтар