Қазақстан Ташкенттегі лаңкестік әрекеттерге дайындық пен оларды жүзеге асыруға қатысы бар күдікті деп танылған үш азаматты Өзбекстанға ұстап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ташкенттегі лаңкестік әрекеттерге дайындық пен оларды жүзеге асыруға қатысы бар күдікті деп танылған үш азаматты Өзбекстанға ұстап берді

Қазақстан Ташкенттегі лаңкестік әрекеттерге дайындық пен оларды жүзеге асыруға қатысы бар күдікті деп танылған үш азаматты Өзбекстанға ұстап берді

Қазақстан бас прокуратурасы биылғы көктемде Ташкент және Бұхара облыстарында жасалған лаңкестік әрекеттерге қатысты қылмыстық іс бойынша Ташкенттегі республикалық жоғарғы сотта өткен сот мәжілісінде аттары көп қайталанған Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғынын Өзбекстанға ұстап берді.

  • 2 Қараша 2004
  • 404
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігіне қолға түскен үш азаматтың аты-жөнін хабарлаған. Бұлар — ағалы-інілі Әбдінәби және Азамат Қадырақыновтар мен Эльмұрат Мамматқұлов.

Ақпарат көзінің мәліметі бойынша, Өзбекстанға ұстап берілген азаматтардың аты-жөні «жоғарғы соттағы процесс барысында сотталғандардың жауабында жиі аталды. Олар бас қосатын пәтерлерді, шетелдерге адамдарды жіберетін арналарды ұйымдастырушылар, лаңкестік әрекетті жүзеге асыруға жандайшаптық жасайтындар және тікелей жүзеге асырушылар ретінде аталған». «Ағалы-інілі Қадырақыновтар мен Мамматқұлов Өзбекстан Жоғарғы соты тексеріп жатқан қылмыстық іс бойынша тергеу шараларына қатысады».
Ал Өзбекстан жағы өз кезегінде Қазақстанның құқық қорғау мекемелеріне Өзбекстандық екі азаматты экстрадициялады. Лаңкестік әрекетті тікелей жүзеге асырушы бұлар ұзақ уақыттан бері қамауда отыр. Олар ҚР ҰҚК-нің департаменті тарапынан қозғалған қылмыстық іс бойынша сот мәжілісіне куәгер ретінде тартылады.

Перейти к новостям спорта