Қазақстан тәуелсіздігіне 12 жыл толуы - нышанды дата - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тәуелсіздігіне  12 жыл толуы - нышанды дата - ҚР президенті

Қазақстан тәуелсіздігіне 12 жыл толуы - нышанды дата - ҚР президенті

"Қазақстан тәуелсіздігіне 12 жыл толуы - нышанды дата",- деп мәлімдеді бүгін, 15-қазанда Астанада Азаматтық форумда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 15 Қазан 2003
  • 496
Фото - Caravan.kz

Ол осыған қатысты өз түсініктемесінде «шығыс талыхнамасына сәйкес 12 жылда адам өмірінің бір циклі аяқталады». «Шығыста 12 жастық кезеңнен өткен бала біраз қауіп-қатерді арта тастады деп есептеледі»,- деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, «осындай қысқа мерзімде Қазақстанда түбегейлі өзгерістер белең алып, тәуелсіз мемлекеттің іргетасы қаланды. Осынау 12 жылда Қазақстанның болашағын айқындаған ауқымды тарихи оқиғалар болды».
Елбасының пікірінше, өткен 12 жылдағы басты табыс — азаматтардың психологиясындағы өзгерістер болмақ. «Еліміз азаматтарының әл-ауқаты айтарлықтай артты, әлем біздің алдымызда өз есігін айқара ашып, біз онда еркін аралап-серуендеуге, оқып білім алуға, демалуға мүмкіндік алдық, өз ойымызды еркін жария етуге жол ашылды»,- деді президент.
Елбасы «осы 12 жыл ішіндегі еліміздің ең басты табысы — саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулық болды»,- деп атап көрсетті. «Қоғамда тұрақтылық болмай, еліміз экономикасына ешкім де қаржы жұмсамас еді, ал біз ондай қолдаусыз дәл қазіргідей табыстарға қол жеткізе алмас едік»,- деп атап өтті Н.Назарбаев.
«Экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіліп, адамдар өмірі оңала бастаған дәл қазіргі тұста жүзеге асырылған өзгерістердің түбегейлілігі туралы нық сеніммен айта аламыз»,- деді ол. Тұрақты дамудың басты кепілдігі ретінде Н.Назарбаев «ерікті қоғамды», ал оның ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде — үкіметтік емес секторды атады. «Бұл демократияның ажырамас бір құрамды бөлігі болғандықтан мен сіздерді қолдаймын» ,- деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
«Сіздер реформаларды белсенді түрде қолдайтындарыңызды, оған білек сыбанып қатысатындарыңызды, сайып келгенде өздеріңіз сол реформалар саясатынан туындаған күш екендеріңізді білемін»,- деді Елбасы.
«Біздің алдымызда қазір аса күрделі мақсат тұр : біз демократия, азаматтық қоғам мен мемлекетті бір уақытта құруға тиіспіз «,- деп түйді өз сөзін президент.

Соңғы жаңалықтар