Қазақстан Таяу Шығыстағы проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысуды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Таяу Шығыстағы проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысуды көздеп отыр

Қазақстан Таяу Шығыстағы проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысуды көздеп отыр

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) аясында Таяу Шығыстағы проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысуды көздеп отыр, деп мәлім етті Қазақстанның сыртқы істер министрі, ИЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИЫҰ СІМК) 38-ші сессиясының төрағасы Ержан Қазыханов.

  • 30 Маусым 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Біздің алдымызда Астанада (ИЫҰ СІМК-інде — ҚазТАГ) қабылданған резолюциялар мен шешімдерді орындау міндеті тұр. Әрине, Қазақстан қабылданған шешімдерді жүзеге асыру ісіндегі жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнына алады. Біз Таяу Шығыстағы проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысамыз»,- деді ол бейсенбі күні ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясында.

«Біз сондай-ақ, Палестинаның 67-ші жылға дейінгі шекараларын қалпына келтіру бойынша проблемаларды шешуге де белсенді қатысамыз», — деді ол.

СІМК төрағасының пікірінше, ИЫҰ Солтүстік Африкада бейбіт өмірді қалпына келтіруге, ядролық және жаппай қырып жою қаруын таратпаумен бірлесіп күресуге қабілетті.

«Біз (Қазақстан — ҚазТАГ) ИЫҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігін кеңейту мәселелері бойынша жұмыс жүргіземіз», — деді Е. Қазыханов.

Соңғы жаңалықтар