А.Евниевтің айтуынша, «таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қойылмайды», өйткені, «Қазақстанда астық тапшылығы туындап отырған жоқ». Қазіргі жағдаймен еліміздегі астық қырмандарында 4,169 млн. тонна астық сақтаулы тұр, сондай-ақ, астықтың біраз бөлігі диханшылардың қолында,- деді А.Евниев.
ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өңдеуден кейін Қазақстандағы 2003-жылғы астық түсімі 14,779 млн. тоннаны құрады, оның 2,9 млн. тоннасы экспортқа шығарылды.