Қазақстан таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қоймайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі
Қазақстан таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қоймайды. Бұл туралы бүгін, 20-қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің егін және өсімдік шаруашылығы департаментінің директоры Арман Евниев хабарлады. |
А.Евниевтің айтуынша, "таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қойылмайды", өйткені, "Қазақстанда астық тапшылығы туындап отырған жоқ". Қазіргі жағдаймен еліміздегі астық қырмандарында 4,169 млн. тонна астық сақтаулы тұр, сондай-ақ, астықтың біраз бөлігі диханшылардың қолында,- деді А.Евниев.
ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өңдеуден кейін Қазақстандағы 2003-жылғы астық түсімі 14,779 млн. тоннаны құрады, оның 2,9 млн. тоннасы экспортқа шығарылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін