Қазақстан таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қоймайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қоймайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстан таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қоймайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстан таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қоймайды. Бұл туралы бүгін, 20-қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің егін және өсімдік шаруашылығы департаментінің директоры Арман Евниев хабарлады.

  • 20 Қаңтар 2004
  • 329
Фото - Caravan.kz

А.Евниевтің айтуынша, «таяу уақыттарда республика аумағынан астық экспорттауға шектеу қойылмайды», өйткені, «Қазақстанда астық тапшылығы туындап отырған жоқ». Қазіргі жағдаймен еліміздегі астық қырмандарында 4,169 млн. тонна астық сақтаулы тұр, сондай-ақ, астықтың біраз бөлігі диханшылардың қолында,- деді А.Евниев.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өңдеуден кейін Қазақстандағы 2003-жылғы астық түсімі 14,779 млн. тоннаны құрады, оның 2,9 млн. тоннасы экспортқа шығарылды.

Соңғы жаңалықтар