«Ішкі нарықта ұн тапшылығы қаупі байқалған жағдайда біз кез-келген сәтте тыйым сала аламыз, бірақ бүгінгі күні мұндай қажеттілік жоқ», — деді Кәрім Мәсімов.
«Біз бүгінге дейін жолға қойып алған ұн сататын нарықтарымызды жоғалтып алмауға тиіспіз», — деді өз кезегінде еліміздің ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев.
Еліміздің ауылшаруашылық министрінің хабарлауынша, қазір ішкі нарықтағы ахуалға мониторинг жүргізілуде. «Мониторинг мәліметіне сәйкес, қазір ұн экспортына тыйым салудың қажеті жоқ», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті