Бұл туралы "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
"Ал, бүгін "Келіннің" соңғы көрсетілімі. Тек "Келін" ғана емес, жалпы үнді сериалының. Әзірге солай шештік" дейді Е.Қарин. Бірақ "әзірге" дегеніне қарағанда, бұл әлі соңғы шешім емес сияқты.
Айта кетейік, Ерлан Қарин "Қазақстан" теле-радиокорпорациясының басшысы болып осыдан үш апта бұрын тағайындалды.