Қазақстан телерадиохабарларын таратушыларының Ұлттық Қауымдастығы президент, парламент және үкіметке отандық БАҚ-тар үшін Қосалқы құн салығы бойынша нольдік ставканы сақтап қалу туралы өтініш жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан телерадиохабарларын таратушыларының Ұлттық Қауымдастығы президент, парламент және үкіметке отандық БАҚ-тар үшін Қосалқы құн салығы бойынша нольдік ставканы сақтап қалу туралы өтініш жолдады

Қазақстан телерадиохабарларын таратушыларының Ұлттық Қауымдастығы президент, парламент және үкіметке отандық БАҚ-тар үшін Қосалқы құн салығы бойынша нольдік ставканы сақтап қалу туралы өтініш жолдады

Қазақстан телерадиохабарларын таратушыларының Ұлттық Қауымдастығы еліміздегі 54 телекомпанияның атынан президент, парламент және үкіметке отандық БАҚ-тар үшін Қазақстан Республикасының "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" заңының 61-1 бабының әсер ету мерзімін 2010-жылдың қаңтарына дейін созу туралы өтініш жолдады. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігіне Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығынан хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2004
  • 594
Фото - Caravan.kz

Заңның бұл бабы бойынша «теле- және радиоөнімдерді өз күшімен шығару және оларды таратуға қатысты айналымдар, сондай-ақ, Қазақстандағы теле- және радиохабарларын таратушы ұйымдар жүзеге асыратын жарнамалық қызметтерден Қосалқы құн салығы нольдік ставкамен алынады».

«Газет және журнал өнімдерін шығару мен оның айналымын 2001-жылдан бастап қосымша құн салығынан босату , сондай-ақ, электрондық БАҚ-тар үшін нольдік ставкалы Қосымша құн салығын енгізу және бұл норманың мерзімін 20025- жылға дейін созу нәтижесінде елімізде теле- және радиоарналардағы жеке бағдарламалар санының, соның ішінде қазақ тіліндегі бағдарламалар санының артуына жағдай жасалды. Телерадиокомпанияларды қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Ал бұларсыз телеиндустрияны дамыту, лицензиялы бағдарламаларды сатып алу мүмкін емес»,- делінген мәлімдемеде.
Қазақстан телерадиохабарларын таратушыларының Ұлттық Қауымдастығының пікірінше, бұл шара отандық медиарынокты экономикалық тұрғыдан қолдаудың халықаралық тәжірибесіне сай келумен бірге ел іші мен сыртында мемлекеттің оңды имиджінің қалыптасуына түрткі болады.
«Қазақстанның электрондық БАҚ-тары үшін жеңілдетілген салық тәртібін сақтап қалу оларға қазіргі заманғы технологиялық және шығармашылық биіктіктерге көтеріліп, нарықта Ресейдің хабар таратушы компанияларымен бірдей жағдайда бәсекелесуге жағдай жасайды дегенге біз сенеміз»,- дейді мәлімдеме авторлары.
Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығы еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес телерадиохабарларын таратушылардың кәсіби қоғамдық бірлестігі болып табылады. Қауымдастыққа барлығы 50-дей телерадиокомпания біріккен.

Перейти к новостям спорта