«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Медицина қызметкерлері күніне орай телемарафон өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Медицина қызметкерлері күніне орай телемарафон өткізеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Медицина қызметкерлері күніне орай телемарафон өткізеді

Телемарафонның мақсаты – ұлт саулығы мен әр адамның өмірі үшін күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі мен ерлігін дәріптеу.

  • 18 Маусым 2020
  • 587
Фото - Caravan.kz

Қосылымдарда медицина саласының ардагерлері мен дәл қазір демалыссыз, үй бетін көрмей қызмет етіп жүрген дәрігерлермен сұхбат жүргізіліп, ел медицинасының динамикалық даму жолы талқыланады. «Qazaqstan» Ұлттық арнасының тілшілері еліміздің барлық өңірінен тікелей байланысқа шығып, аймақтардағы медициналық нысандардың тыныс-тіршілігін көрсетеді.

Медицина саласының мэтрлері студияда және Skype-байланыс арқылы кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантация бағыттарындағы соңғы жаңалықтарды баяндайды. Көрермен төтенше жағдай кезеңінде салынған ауруханалар мен ондағы науқастардың хал-ахуалын біле алады.

Көпшіліктің әлеуметтік желілер мен электронды пошта, Whatsapp арқылы жолдаған ерекше оқиғалары тікелей эфирде баяндалып, хат иелері атап көрсеткен дәрігерлеге құрмет көрсетіледі. Эфир барысында 8 (7172) 75 71 71 нөміріне хабарласып, абзал жандарға алғыс білдіріп, төл мерекесімен құттықтауға әрбір адамның мүмкіндігі бар.


Телемарафон 23 маусым таңғы сағат 09:00-ден бастап «Qazaqstan» арнасының You Tube және Facebook желісіндегі арнасынан тікелей трансляцияланады. Ұлттық арна әзірлеген «Абзал жандар» мерекелік жобасы да эфирден осы күні көрсетіледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар