А.Моисеевтың айтуынша, мұндай жүк тасымалы ауқымын жүзеге асыру үшін жол тармағы арқылы күн сайын 40 мың тонна жүк өтуі тиіс. Алайда, қазіргі таңда Алтынсарин-Хромтау жол тармағының өткізгіштік қабілеті жылына 7 млн. тоннаны құрайды. «Бұл желіні тартуға бағытталған барлық қаржыны толық игеру алдағы жылға межеленген. Нәтижесінде жол тармағының өткізгіштік қабілеті тапсырыс көлеміне жеткізіледі»,- деді ол.
Оның айтуынша, «әзірге көптеген тасымалдаушылар жаңа бағыттың мүмкіндіктерінен бейхабар. Сол себепті алдағы уақытта желіні жүк тасымалы мақсатында пайдалану жөніндегі тапсырыс көлемі анағұрлым арттырылуы мүмкін».