«Қазақстан Темір Жолы» еншілес компаниясының бұрынғы басшысына қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Темір Жолы» еншілес компаниясының бұрынғы басшысына қылмыстық іс қозғалды

«Қазақстан Темір Жолы» еншілес компаниясының бұрынғы басшысына қылмыстық іс қозғалды

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлай жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қалалық департаменті «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Транстелеком» АҚ-ның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 17 Қараша 2012
  • 316
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабы 3 тармағының «б, г» тармақшалары бойынша қозғалып отыр.

«Компанияның бұрынғы президенті және аты-жөні анықталмаған тұлға 2009 жылдың мамыры мен 2011 жылдың қарашасы аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на «КТ&Т» ЖШС-мен № 63-1/16 консорционалды келісім бойынша қызмет көрсету барысында «Транстелеком» АҚ-ның 319 439 054 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған», — деп түсіндірді қаржы полициясы.

ҚазАқпарат тілшісіне қалалық қаржы полициясының хабарлауынша, басқа ақпараттар тергеу мүддесіне орай таратылмайды.

Соңғы жаңалықтар