«Қазақстан темір жолы» компаниясы энергия үнемдеу жобаларына 40 млн доллар жұмсамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан темір жолы» компаниясы энергия үнемдеу жобаларына 40 млн доллар жұмсамақ

«Қазақстан темір жолы» компаниясы энергия үнемдеу жобаларына 40 млн доллар жұмсамақ

«Қазақстан темір жолы» АҚ Еуропа Даму банкінен алынатын 40 млн долларды энергия үнемдеу жобаларына жұмсамақ.

  • 5 Тамыз 2015
  • 934
Фото - Caravan.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Энергия тиімділік саласына стратегиялық инвесторлар тарту» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарушы директоры Әлібек Қабылбай осылай мәлім етті.

Басқарушы директордың сөзіне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өзінің энергия үнемдеу бағдарламасын жасап, қорғап шыққан.

«Ұлттық компания осы арқылы Еуропа Даму банкінің 40 млн долларды құрайтын қаражатын тарта отырып, өз саласында энергитиімділікті артыратын жобаларды жүзеге асыратын болады. Бұл қаражат негізінен стансалардағы жылыту, жарықпен қамту нысандарын жаңғыртуға жұмсалады. Кейібір өңірлерде күн сәулесінен қуат алу қондырғыларын орнату көзделеді», — дейді Ә.Қабылбай.


Оның айтуынша, энергия үнемдеу аудиты арқылы жүзеге асырылатын бағдарламалар компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң серпін береді.

«Тұтастай алғанда, энергия үнемдеу саясаты Индустрияландыру бағдарламасымен қатар жүзеге асуда. Ал энергия үнемдеу бағдарламасы бойынша еліміздің әрбір әкімдіктері өзінің өңірлік жоспарларын әзірлеуі шарт. Қазірше нәтижелер баршылық, дегенмен атқарылатын жұмыстар ауқымы әлі де зор. Соның ішінде қаржылық қамту мәселесі өзекті. Сондықтан да, жаңарту жұмыстарына, жаңа техонологиялар әкеліп, енгізуге инвесторлар тарту маңызды, соның ішінде энергосервистік нарықты дамыту қажет», — деді Әлібек Қабылбай.

Соңғы жаңалықтар