Қазақстан темір жолы компаниясы тариф саясаты туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан темір жолы компаниясы тариф саясаты туралы айтып берді

Қазақстан темір жолы компаниясы тариф саясаты туралы айтып берді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың бағалары мен билет құнын  белгілейтін факторлар туралы айтып берді.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 668
Фото - Caravan.kz

«ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына жауап берген компания басшылығы өткен жылдың қазан айынан бері халықаралық тәжірибеге сәйкес, тариф реттеудің тиімді жүйесі  енгізілгенін хабарлады. Бұл жүйеге сәйкес, пойыз билеттерінің бағасы сатылған күніне және поездың сұранысына байланысты белгіленеді. Мысалы, сапарын алдын ала жоспарлап, пойызға ерте билет алған азаматқа билет бағасы 35 пайыз жеңілдікпен сатылады.

Сонымен қатар, компания өз жауабында 2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап, вагондардың санатына байланысты бірқатар пойыздарда «Турист», «Бизнес» және «Гранд»  жеңілдіктері енгізілгенін хабарлап отыр.

Сонымен, «Тұлпар-Тальгоның» №19/20 «Астана-Атырау» бағытындағы пойызына- 20% — 40% — 40% (тиісінше  «Турист» жеңілдігі — 20, «Бизнес» жеңілдігі 40%  және «Гранд»  жеңілдігі — 40%), №35/36 «Алматы-2-Шымкент» бағытындағы пойызға -20% — 40% — 40%; №49/50 «Алматы-2-Ақтөбе» пойызына — 20% — 40% — 40%; №89/90; «Астана-Қызылорда» бағытындағы пойызға — 25% — 30% — 30%; №69/70 «Алматы-2-Защита» пойызына — 15% — 30% — 30%; №77/78 «Алматы-2-Атырау» бағытындағы пойызға- 15% — 30% — 30%; №79/80 «Астана-Шымкент» бағытындағы пойызға  21% — 25% — 25%;  №1/2 «Алматы-2-Астана» пойызына  — 0% — 20% — 20%;  №701/702 «Алматы-2  Петропавл» бағытындағы пойызға  0% —  20% — 20%; №67/68 «Астана-Защита» бағытындағы пойызға- 10% — 0% — 0%; №87/88 «Астана-Ақтөбе» бағытындағы поезға -10% — 0% — 0% жеңілдіктер енгізілген.

«Бұдан өзге, «Тұлпар-Тальго» пойыздарының бұрыннан келе жатқан жеңілдіктері мен дисконтты карталары күшін жойған жоқ. Яғни, 60 жастан асқан азаматтарға «Құрмет» санаты бойынша 30 пайыздық жеңілдік, 16-25 жас аралығындағы азаматтар үшін «Жастар» санаты бойынша 30 пайыздық жеңілдік, тұрақты тұтынушы үшін «Саяхатшы» санаты бойынша 10-20 пайыздық жеңілдік ұсынылады», — дейді компанияның баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» тілшісінің сауалына жауап бере отырып.


Ал, билет бағасы қалай белгіленетінін айта келе, компания билет бағасына теміржол магистралінің қызметі, локомотивтің қызмет бағасы мен вокзалдың шаруашылық жағына кететін шығын ықпал етеді дейді.

«Билет бағасының құнына локомотив қызметіне кететін шығындар, магистральді теміржол желісінің қызметтері мен вокзал шаруашылығының қызметтеріне қажетті шығындар кіреді. Плацкарт билетінің бағасына тасымалдаушының тікелей шығындары қосылады», — деп түсіндірген компанияның баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар