"Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ 6 ай мерзімге 200 және 100 млн. теңгелік коммерциялық жай вексельдер шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ 6 ай мерзімге 200 және 100 млн. теңгелік коммерциялық жай вексельдер шығарды

"Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ 6 ай мерзімге 200 және 100 млн. теңгелік коммерциялық жай вексельдер шығарды

2004-жылдың 23-ақпаны мен 2-наурызында "Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ "Альянс Банк" АҚ-ның араласуымен 6 ай мерзімге 200 және 100 млн. теңгеге бағаланған коммерциялық жай вексельдер шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Альянс Банк" АҚ-нан хабарлады.

  • 11 Наурыз 2004
  • 628
Фото - Caravan.kz

«Альянс Банк» АҚ басқармалары төрағасының кеңесшісі Аида Сұлтанованың пікірінше, өзара есеп айырысудың вексельдік жүйесін қолданысқа енгізу кәсіпорындарға айналымдағы қаржы көлемін ұлғайтуға, өзара есеп айырысу тетігін тездетуге, кәсіпорындар арасындағы берешек мәселесін шешуге септігін тигізбек. Сондай-ақ, вексель шығару тәсілі кәсіпорындарға алдағы төлемдерді тиімді жоспарлауға және бизнесті дамытуда тың шешімдер таба білген қаржылық рыноктың белсенді қатысушысы ретінде танылуға жол ашады.

«Альянс Банк» АҚ 2004-жыл басынан бері «Қазақстан Темір жолы» ҰК ЖАҚ-ның екі бірдей вексель эмиссиясына қаржылық оператор болды. Эмиссиялардың жалпы құны 300 млн. теңгені құрады.
Сондай-ақ, «Альянс Банк» АҚ «Қазақстан Темір жолы» ҰК-мен бірге «Алматы құс» ААҚ, «KazTransCom» ААҚ тәрізді еліміздің ірі компанияларының вексель шығару бағдарламаларына қаржылық оператор болды. Бұл компаниялар еліміздегі бірінші категориялы вексель эмитенттері болып табылады.

Соңғы жаңалықтар