«Қазақстан темір жолы» ҰК жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды 83 пайызға жеткізуді көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан темір жолы» ҰК жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды 83 пайызға жеткізуді көздеп отыр

«Қазақстан темір жолы» ҰК жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды 83 пайызға жеткізуді көздеп отыр

«Қазақстан темір жолы» ҰК жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды 83 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

  • 14 Шiлде 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанадағы Локомотив құрастыру зауытында өткен брифинг барысында «ҚТЖ» АҚ «Жаңа және импортты алмастыратын жобалар орталығы» филиалының директоры Мақсұт Исақов осылай мәлім етті.

Директордың айтуынша, 2010 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қазақстандық қамту үлесі жалпы сатып алулар бойынша 79 пайызды құраған. Бұл еліміздегі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

«Ал ағымдағы жылы біз бұл көрсеткішті 83 пайызға дейін арттырмақпыз. Бұл ненің есебінен жүзеге асады дегенге келсек, 2008 жылы компания сатып алулардағы қазақстандық құрамдастардың үлесін арттыру туралы бағдарлама қабылдаған болатын. Бұнда қазақстандық қамтуды арттыратын тетіктер жеткілікті», — деді М. Исақов.

Соңғы жаңалықтар