"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" мен Қытайдың теміржол көлігі министрлігі арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" мен Қытайдың теміржол көлігі министрлігі арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" мен Қытайдың теміржол көлігі министрлігі арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Астанада Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябаоның кездесуі аясында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" мен Қытайдың теміржол көлігі министрлігі арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 31 Қазан 2008
  • 822
Фото - Caravan.kz

Қазақстан тарапынан меморандумға «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті Асқар Мамин, Қытай тарапынан — ҚХР теміржол көлігі министрі Лю Чжицзюн қол қойды.

Құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізген уағадаластыққа сәйкес Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас арқылы өтетін шекаралық екінші теміржол өткелінің құрылыс жұмыстарын жеделдетуді қарастырады. Атап айтқанда, тараптар 2009 жылдың қаңтар айында мемлекеттік шекарадағы темір жолдардың түйісетін жерін келісуді, сондай-ақ вагондарды ауыстыратын пункттердің құрылысы орналасатын орындарды анықтауды көздеп отыр.

Бұл меморандумда сонымен бірге тараптар теміржол транспортымен контейнер тасымалдау жөніндегі Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорнын құруды және Достық- Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы контейнерлер тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуды, сондай-ақ, Қытай — Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері- Еуропа елдері бағытында тікелей қатынайтын контейнерлік пойыздарды жүргізуді мақұлдады.

«Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасында жүктерді қабылдау және жеткізу жұмыстарын жеделдету үшін тараптар шекаралық Достық және Алашанькоу бекеттерінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе құруды жоспарлауда. Бұл жүйе Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасында транспорттық накладная арқылы тасымал көлемі туралы мәліметтер алмасып отыруға мүмкіндік береді. Бұл теміржолшылардың, шекаралық және кеден қызметтерінің жұмысын жылдамдатуға мүмкіндік беру арқылы жүк жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді «, -делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар