"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын Астананың Сарыарқа аудандық соты бір эпизод бойынша ақтап шығарды (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын Астананың Сарыарқа аудандық соты бір эпизод бойынша ақтап шығарды (толықтырылған нұсқасы)

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын Астананың Сарыарқа аудандық соты бір эпизод бойынша ақтап шығарды (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жемқорлық жөнінде айып тағылған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевті Астананың Сарыарқа аудандық соты бір эпизод бойынша ақтап шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 668
Фото - Caravan.kz

Жақсыбек Күлекеев бір эпизод бойынша ақталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жақсыбек Күлекеевті қаржы полициясының қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ұстаған. 4 сәуірде оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы бойынша (пара алу) 100 мың АҚШ доллары көлемінде аса ірі пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал Астананың Сарыарқа аудандық сотында сөйлеген сөзінде Орталық аймақтық көлік прокуратурасының прокурорының көмекшісі Еркін Шәріповтың мәлімдеуінше, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының мекемеге келтірген шығының көлемі 341 млн 702 мың теңгені құрады. Мемлекеттік айыптаушының хабарлауынша, Ж. Күлекеевке төрт эпизод бойынша айып тағылған.

Еркін Шәріповтың хабарлауынша, атап айтсақ, , «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы «өзінің қызмет бабын асыра пайдалану және ұлттық компанияның мүддесіне қарсы әрекет жасап, «Лексус LX 470″ маркалы автокөлігін жоғары бағаға сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алу барысында шығын келтірген, ал көлік іс жүзінде оның отбасының иелігінде болған». Соның салдарынан ұлттық компанияға 4 млн 165 мың теңгенің шығыны келтірілді.

«Өзінің қылмыстық әрекеттерін одан әрі жалғастырып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаржысын заңсыз жеке басының мақсаттарына пайдалану арқылы Күлекеев Астананың «Қараөткел» ықшамауданында орналасқан жеке меншік үйін тәулік бойы күзету ақысын ұлттық компанияның қаржысының есебінен төлеуді ұйғарған. Келтірілген шығын көлемі 1 млн 704 мың 700 теңгені құрады», -деді прокурордың көмекшісі.

Сонымен бірге, айыптаушының айтуынша, келтірілген шығынның басым бөлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 2008 жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға — жол құрылысына қатысты материалдарды сатып алуға және жеткізуге жұмсаған шығындарына байланысты, бұл материалдар жеке сот өндірісіне біріктірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар