"Қазақстан Темір Жолы " ЖАҚ еліміздегі темір жолдарды жаңалаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Темір Жолы " ЖАҚ еліміздегі темір жолдарды жаңалаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда

"Қазақстан Темір Жолы " ЖАҚ еліміздегі темір жолдарды жаңалаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда

"Қазақстан Темір Жолы " ЖАҚ еліміздегі темір жолдарды жаңалаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы "Қазақстан Темір Жолы " (КТЖ) ЖАҚ Ұлттық Компаниясының бірінші вице-президенті Қалтай Самбенов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында журналистерге хабарлады.

  • 31 Мамыр 2003
  • 934
Фото - Caravan.kz

Бүгінде ҚТЖ Ұлттық Компаниясының құрылымында әртүрлі 13 бөлім жұмыс істейді. Алдағы уақытта оларға қосымша «Локомотив» АҚ құрылып, оның қарамағына ҚТЖ локомотивтер паркі мен жүк тасымалдаумен айналысатын «Көлік тасымалы» АҚ берілмек. Соның нәтижесінде Қазақстан Темір Жолының басшылығы тек қана темір жол желілері мен тиісті инфрақұрылымдарды, атап айтсақ, жолдарды басқару жүйесі, байланыс жүйесі, темір жол вокзалдары мен бекеттерді ғана жедел бақылау міндетін сақтап қалмақ. ҚТЖ ресурстарын тиімді пайдалану және жұмыстар ауқымын қысқарту үшін компания басшылығы темір жолды пайдаланатын ірі компанияларға арнайы вагондардан құралған жеке меншік составтар сатып алуға мүмкіндік бермек. Болашақта ҚТЖ жеке меншігінде составтар паркі бар тасымалдаушы жекелеген компаниялар құру арқылы темір жол тасымалы рыногін толықтай демонополизациялауды көздеп отыр. Соның нәтижесінде бұл рынокта бәсекелестік орта қалыптасып, барлық тасымалдаушы компаниялар Қазақстан темір жолдарына шығудың тең мүмкіндіктеріне ие болады. Алдағы уақытта бұл компаниялар халықаралық тасымалға атсалысуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар