Қазақстан теміржолының іргетасы қалануының 100 жылдығына орай Астанадан бүгін арнайы мерейтойлық отарба жолға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан теміржолының іргетасы қалануының 100 жылдығына орай Астанадан бүгін арнайы мерейтойлық отарба жолға шықты

Қазақстан теміржолының іргетасы қалануының 100 жылдығына орай Астанадан бүгін арнайы мерейтойлық отарба жолға шықты

Бүгін, 1-шілдеде Астана темір жол бекетінен "Отан" деп аталған тұңғыш мерейтойлық отарба сапарға шықты. Бұл Қазақстан теміржолының іргетасы қалануына 100 жыл толу оқиғасына орайластырылған шаралардың бастамасы болмақ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 1 Шiлде 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

8 вагоннан тұратын бұл отарба республика аумағын екі жарым ай аралап, еліміздің барлық аймақтарын бүкіл бағытта көктей өтпек. Отарба бірінші кезекте бастысқа бет түзеді.

Мерейтойлық отарбамен дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар тобы сапарға шықты. Теміржол бекеттерінде жолай аялдаған дәрігерлер темір жол қызметкерлері мен шағын станцияларда, темір жол разъездерінде өмір сүретін тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
Жобаға атсалысып отырған «Отан» саяси партиясы сапар барысында бірқатар қайырымдылық шараларын жүзеге асырмақшы.
«Отан» партиясы төрағасының орынбасары, парламент мәжілісінің спикері Жармахан Тұяқбайдың журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, «осынау игі бастама қазіргі бар тауқыметтерді түгелдей шешіп бермегенімен, кейбір мәселенің басын ашуға септігін тигізбек». «Бүгінде осындай шалғай станциялар мен ауылдар қараусыз-қожайынсыз қалғанын, ол жаққа басшылық пен аудандық және облыстық деңгейдегі атқамінерлер өте сирек табан тірейтінін біз білеміз. Сол себепті бұл отарба шалғай елді мекендер тұрғындарының денсаулығына зерттеулер жүргізіп, түрлі сырқаттардың алдын алуға, ауыл тұрғындары арасында мәдени-ағарту шараларын өткізуге мүмкіндік береді»,- деді спикер.
Ж.Тұяқбай бұл шара «Отан» партиясының жарнамалық науқанына жатпайтынын айта келе басқа саяси партияларды да оған атсалысуға шақырды.

Перейти к новостям спорта