Ондағы басты мақсат — балалар теннисін дамыту.
Жобаға қатысу үшін аймақтық филиалдардың директорлары бас бапкермен кеңесе отырып 6 аймақтан 1997-98 жылдары туған балалар мен қыздар арасынан — 1, 1999 жылы және одан төмен жастағылар арасына — 1 теннисшіден таңдап, гранттық көмекке ұсынады. ҚР Теннис федерациясының аталмыш көмегін алу үшін олар міндетті сериялық турнирлерге қатысуы керек. 400 АҚШ доллары көлеміндегі бұл грант жас теннисшілердің қажетті спорттық құрал-жабдығына жұмсалады. Ақтық шешімді қабылдайтын ҚР Теннис федерациясының Балалар теннисін дамыту жөніндегі комитеті болмақ. Онда үміткерлер ұсынылатын аймақтарға : солтүстік өңірде — Павлодар, Лисаковск, Қостанай және Петропавл қалалары. Орталық өңірде — Астана, Қарағанды қалалары; Батыс өңірде — Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалалары; Шығыс өңірде — Өскемен, Семей, Талдықорған, Алматы қалалары мен Алматы облысы; Оңтүстік өңірде — Шымкент, Тараз қалалары топтастырылған.